Ұлттық мәдени мұраны сақтау жолындағы маңызды серіктестік
Ұлттық мәдени мұраны сақтау жолындағы маңызды серіктестік
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ мен Қосшы қаласы Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум ұлттық мәдени мұраны сақтау, қолжазбалар мен сирек кітаптарды зерттеу, ғылыми айналымға енгізу, цифрландыру және қалпына келтіру бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Келісім аясында тараптар ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу, тәжірибе алмасу, мамандардың біліктілігін арттыру, тағылымдамалар ұйымдастыру, ғылыми және мәдени жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ тарихи құндылығы жоғары қолжазба мұраларын сақтау мен насихаттау ісінде бірлесе жұмыс атқаратын болады.
Бұл меморандум – ұлттық жазба мұрасын сақтау, ғылыми әлеуетті арттыру және мәдени байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам. Серіктестіктің нәтижесінде тарихи-мәдени құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізуге бағытталған жаңа бастамалар жүзеге асады.