Оқы да оз!
Қосшы қаласының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Оқы да оз!» кітап оқу байқауы өтті. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында оқуға ұсынылған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы негізінде өткен байқауға Астана, Көкшетау, Қосшы қалаларынан, Ақмола облысының өзге де аудандарынан 40-қа жуық оқырман қатысты.
Қатысушылар романды терең меңгергендерін дәлелдеп, бірнеше кезең бойынша білімдері мен ойлау қабілеттерін, шешендігі мен кітапқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен Қосшы қаласының 5 жылдығына орай бес жүлделі орын анықталды:
🥇 I орын– Қайрат Жолтай – 250 000 теңге
🥈 II орын– Сейфуллин Жолдас – 150 000 теңге
🥉 III орын– Сақтаған Нұрислам – 100 000 теңге
🏅 IV орын– Бақыт Анар – 70 000 теңге
🏅 V орын – Қалиақбар Үсемхан – 50 000 теңге
Жалпы жүлде қоры – 620 000 теңге.
Байқаудың ерекше қатысушысы – Қосшы қаласының 5-сынып оқушысы Жұмахан Нұрислам болды. Ол байқаудың ең жас оқырманы ретінде кітапқа деген қызығушылығы мен ізденімпаздығын танытып, көпшілікке үлгі көрсетті.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз. Кітапқа деген сүйіспеншілік пен білімге құштарлықтарыңыз әрдайым арта берсін!
