Семей полигоны – тек бір аймақтың ғана емес, тұтас қазақ халқының тағдырына әсер еткен тарихи трагедия.
Семей полигоны – тек бір аймақтың ғана емес, тұтас қазақ халқының тағдырына әсер еткен тарихи трагедия. Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толып отыр.
Осыған орай кітапханада Семей полигонының тарихы мен оның зардаптарына арналған тағылымды кеш өтті. Кеш барысында полигонның құрылуы, жүргізілген ядролық сынақтар, олардың халық пен табиғатқа тигізген зардаптары, сондай-ақ полигонды жабуға зор үлес қосқан «Невада–Семей» қозғалысы туралы сөз қозғалды.
Кітапхана басшысы Майгүл Хариғазықызы «Семей полигоны – тарихтың қасіретті шындығы» тақырыбында баяндама жасап, ядролық сынақтардың тарихы мен оның адамзатқа тигізген ауыр зардаптары туралы кеңінен айтып өтті.
Кеш барысында тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, слайдтар ұсынылды. Сондай-ақ театр актерлері ақын Төлеген Жанғалиевтің Семей полигоны тақырыбындағы өлеңдерін оқып, халқымыздың басынан өткерген қасіретті кезеңді жыр жолдары арқылы жеткізді.
Өлең оқыған театр актерлері:
🔹 Айнұр Абдрахманова
🔹 Айару Асетқызы
🔹 Айгерім Әшірбек
🔹 Дінмұхамед Тастан
🔹 Асылхан Исаев
🔹 Мейіржан Әбдіхалық
Семей полигонының қасіреті – тарихта қалған із ғана емес, адамзатқа бейбітшіліктің қаншалықты маңызды екенін көрсететін сабақ.