ПАРАСАТ БИІГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕР – ТӨЛЕН ӘБДІК
ПАРАСАТ БИІГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕР – ТӨЛЕН ӘБДІК
Бүгін, 4 қыркүйек – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіктің туған күні. Қаламгер 84 жасқа толып отыр.
Төлен Әбдік 1942 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданының Еңбек ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін баспасөз, әдебиет және мәдениет салаларында қызмет етіп, қазақ руханиятының дамуына елеулі үлес қосты.
Төлен Әбдік – қазақ прозасындағы психологиялық және философиялық бағыттың көрнекті өкілдерінің бірі. Оның шығармаларында адам болмысы, ар мен ұят, ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалған, жалғыздық пен рухани жауапкершілік мәселелері терең суреттеледі.
Қаламгердің «Оң қол», «Әке», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат майданы», «Өліара» секілді шығармалары қазақ әдебиетінің көркемдік қорынан берік орын алды. Әсіресе «Парасат майданы» туындысы адам санасындағы ізгілік пен зұлымдықтың күресін философиялық тұрғыдан бейнелеген терең шығарма ретінде бағаланады.
Төлен Әбдік шығармаларының басты ерекшелігі – оқырманын адам жанының тереңіне үңілдіріп, өмір мен адамдық құндылықтар туралы ойландыруында.
Қазақ әдебиетнінің абыз қаламгеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт тілейміз! Ұлт рұханиятына қосқан мол мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін!