«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған Ілиясовтар әулетімен тағылымды кездесу өтті.
Қосшы қаласының «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған Ілиясовтар әулетімен тағылымды кездесу өтті.
68 жыл отбасылық өмірді бірге еңсеріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп отырған Саламат пен Қарлығаш Ілиясовтардың шаңырағы – татулық пен сыйластықтың, береке мен бірліктің жарқын үлгісі.
Кездесу барысында әулеттің өмір жолы, отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі мен жарасымды жанұяның сыры туралы әсерлі әңгімелер айтылды.
Осындай өнегелі отбасылардың өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлкен сабақ, жас отбасыларға үлгі.
Отбасы – береке бастауы, тәрбие бесігі!
Ілиясовтар әулетіне зор денсаулық, отбасылық бақыт пен береке тілейміз!