ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты Смолкова Екатерина Сергевна
ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты Смолякова Екатерина Сергеевна кітапханамызға арнайы келіп, оқырмандар үшін құнды кітаптарды табыстады.
Депутат өз сөзінде кітап таңдауының себебін түсіндіріп, жастарға оқудың маңызы туралы ойымен бөлісті:
-Мен бұл кітаптарды кездейсоқ таңдаған жоқпын. Олар – ұлттық құндылықты, тарихты, адамгершілікті және өз-өзіңді дамытуды үйрететін туындылар. Кітап – уақыттың сынағынан өткен ұстаз. Ал жастар сол ұстаздан үйренсе, ертеңгі елдің тірегі болады
Табысталған кітаптар қорымызға қосылып, барлық оқырманға қолжетімді болады. Бұл – ұрпаққа қалдырылар рухани мұра.
Кітапхана ұжымы атынан құрметті қонағымызға алғысымызды білдіреміз. Мұндай қолдау мәдениет пен білімге деген сенімді арттырады