Қосшы қаласының 5 жылдығына арналған сурет байқауы өтті.
Қосшы қаласының 5 жылдық мерейтойы аясында «Менің арманым» және «Біздің ғажайып қала – Қосшы» тақырыптарында ашық аспан астында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту, туған қалаға деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың қиялы мен талантын қолдау болды. Байқауға 40-тан астам оқушы қатысып, өздерінің ерекше туындылары арқылы арманын, Қосшының көркем келбетін және болашаққа деген көзқарастарын бейнеледі.
Қатысушылардың әрбір жұмысы шынайылығымен, бояу үйлесімімен және шығармашылық ізденісімен ерекшеленді. Балалар өз суреттерінде Қосшы қаласының бүгінгі жетістіктерін, әсем табиғатын, жайлы көшелері мен жарқын болашағын әсерлі түрде көрсете білді.
Байқау соңында барлық қатысушыларға белсенділігі мен шығармашылық еңбегі үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл күн балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың өнерге деген қызығушылығын арттырған ерекше мерекеге айналды.
✨ Қосшы қаласының мерейтойына арналған игі шараға қатысқан барлық оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздарға алғысымызды білдіреміз. Жас дарындардың талабы таудай болып, шығармашылық табыстары арта берсін!
