«Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз» – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
«Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз» – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Елімізде 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері Ақмола облысында орналасқан «АЛЖИР» лагерінде азапталды.
Ақмола облысының Целиноград ауданында орналасқан «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің көшпелі көрмесі Қосшыға келді.
Көрмеде саяси қуғын-сүргін жылдарындағы әйелдердің тағдыры, лагерь өмірі, тарихи құжаттар мен мұрағат материалдары ұсынылды. Мектеп оқушылары, мұғалімдер және Қосшы тұрғындары келіп, тарихтың ауыр, бірақ маңызды беттерімен танысты.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық жадыны, адамгершілік пен тарихи жауапкершілікті қалыптастыруға септігін тигізеді.
Көрмені ұйымдастыруға атсалысқан «АЛЖИР» музейінің қызметкерлеріне және келген барлық қонақтарға алғыс білдіреміз!
