4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!
Құрметті оқырмандар!
Сіздерді еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көк Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройын, халқымыздың бірлігі мен елдік мұратын айшықтайтын қасиетті құндылықтар. Мемлекеттік рәміздер – әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық рухын нығайтатын ұлттық мақтанышымыз.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен өркендеу тілейміз. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын! 🇰🇿