Отбасы күніне орай кітапханада «Отбасымен кітап оқу – игі дәстүр» атты сұхбат кеші өткізілді.
Отбасы күніне орай кітапханада «Отбасымен кітап оқу – игі дәстүр» атты сұхбат кеші өткізілді.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде блогер, актер, «Жайдарман» ойындарының чемпионы Ғалым Махамбетов, жұбайы Әсия Тәңірбергенқызы және ұлы Расул Ғалымұлы қатысты.
Кездесу барысында қонақтар отбасы тәрбиесі, кітап оқудың маңыздылығы, ұлттық құндылықтар мен ана мейірімі тақырыптарында мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру мен отбасындағы сыйластықтың рөлі жөнінде тағылымды әңгіме өрбіді.
Шара соңында оқырмандар қонақтармен еркін пікір алмасып, өз сұрақтарына жауап алды. Танымдық мәні бар кездесу қатысушыларға ерекше әсер сыйлады