“Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі” Қосшы қалалық кітапханасының басшысы Майгүл Қариғазықызының пікірі
Бүгін 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енді. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси дамуындағы маңызды тарихи белес әрі Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жаңа кезеңнің бастауы.
Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, қоғамдық келісімді нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мемлекеттік дамудың жаңа бағдарын айқындайды.
Конституцияда мәдениет пен тарихи мұраны сақтау, сөз және шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету, отбасы институтын қолдау, дін саласын дамыту, волонтерлік пен қайырымдылық қызметті қолдау сияқты маңызды бағыттардың көрініс табуы мәдениет және кітапхана саласы қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Бүгіннен бастап Конституцияның жаңартылған нормалары мәдениет, ақпарат, архив ісі, кітапхана және кітап ісі, дін салаларының, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының қызметін одан әрі дамытуға құқықтық негіз болады. Бұл өзгерістер құқықтық мәдениеттің қалыптасуына, шығармашылық ортаның дамуына, кәсіби журналистиканы қолдауға және азаматтық белсенділіктің артуына тың серпін береді.
Кітапхана – қоғамның рухани дамуы мен зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын маңызды мәдени орталық. Сондықтан жаңа Конституцияда мәдениетке, тарихи мұраны сақтауға, азаматтық қоғамды дамытуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге басымдық берілуі – біз үшін зор жауапкершілік. Біздің басты мақсатымыз – оқырмандардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, кітап оқу мәдениетін дамыту, ұлттық мұрамызды кеңінен насихаттау және жас ұрпақтың бойына елжандылық құндылықтарын сіңіру. Жаңа Ата Заң қоғамымыздың одан әрі дамуына берік негіз болып, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға қызмет етеді деп сенемін. Барша қазақстандықтарды жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймын! Елімізге бірлік, тұрақтылық және өркендеу тілеймін!