Қосшы қаласының 5 жылдығына орай кітап оқу байқауы өтеді
Қосшы қаласының 5 жылдық мерейтойына орай кітапсүйер қауымды байқауға қатысуға шақырамыз!
Байқау Қазақстан Республикасы Президентінің “Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлығын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Байқауға республикалық “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында оқуға ұсынылған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы таңдалды.
Кітап оқу мәдениетін насихаттауға, ұлттық әдебиетті дәріптеуге және оқырмандардың шығарманы терең тануына жол ашайық!
Жеңімпаздар дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Қатысуға өтінім беру және ақпарат алу үшін байланыс нөмері:
+7 778 6990119
📅 Өтетін күні: 24 шілде 2026 жыл
⏰ Уақыты: 11:00
📍 Өтетін орны: Қоғамдық-мәдени спорт кешені, Республика көшесі 11.
Кітап оқыңыз, ойыңызды байытыңыз!