Қосшыда әдебиет пен әділет тоғысқан тағылымды кеш өтті
Филолог, баспагер, жазушы, 2025 жылы Президенттің арнаулы әдеби сыйлығының иегері Арман Әлменбет оқырмандармен әдеби-танымдық кездесуде жүздесті. Кеш барысында автордың «Тергеуші» романы кеңінен талқыланып, шығарма желісі негізінде әділет, адалдық, жауапкершілік пен адамдық ұстанымдар туралы әңгіме өрбіді. Кешті “naryk.kz” жобасының директоры, журналист Бауыржан Мырзабек әңгіменің арқауын үзбей, шебер жүргізді.
Жазушы романның жазылу тарихымен бөлісіп, шығарманың басты кейіпкерлер тағдыры арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталды. Оқырмандар көкейдегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Кездесуде жазушы Ұларбек Нұрғалымұлы сөз сөйлеп, романның әдеби әрі қоғамдық маңызы жайлы әсерлі ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, кітапты кітапхана қорына сыйға тартқан Қосшы қаласының тұрғыны, заңгер Жүкебав Алмат бұл шығарманың маңыздылығына тоқталып, кітапты тарту ету себебін айтты.
Әсерлі кештің соңы күймен әрленіп, көрерменге ерекше рухани жылулық сыйлады