Жүзбай Серіктің “Өмір-ғайып” кітабының таныстырылымы өтті.
29 наурыз күні Қосшы қалалық кітапханасында қоғам белсендісі, ақын әрі сценарист, инклюзивті мәдениетті қолдаушы Жүзбай Серіктің “Өмір-ғайып” кітабының таныстырылымы өтті.
Автор 15 жылдан астам уақыт бойы тастанды балалар тағдырымен айналысып, 100-ден астам сәбидің өз анасына оралуына себепкер болған.
Бұл кітап — өмірден алынған шынайы оқиғаларға негізделген, адам жанына әсер ететін, қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін туынды.
“Өмір-ғайып” — тек әдеби шығарма емес, бұл — үнсіз қалған балалардың үні, ананың өкініші мен үміті тоғысқан, оқырманды терең ойға жетелейтін еңбек.
Кездесу барысында кітаптың жазылу тарихы, сондай-ақ инклюзивті қоғам қалыптастырудағы мәдениет пен өнердің маңызы сөз болды. Қатысушылармен еркін пікір алмасу өтті.

