“Қайырымдылық – адамдық белгісі” атты мейірімділік акциясын ұйымдастырды.
Наурызнаманың 10 күндігі аясында 15 наурыз — Қайырымдылық күніне орай Қосшы кітапхана ұжымы “Қайырымдылық – адамдық белгісі” атты мейірімділік акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында әр қызметкер жүрек жылуын бөлісіп, азық-түлікпен бірге жылы лебізін білдіріп, арнайы “Жақсылық кітабын” толтырды. Бұл игі іс адамдарға қамқорлық пен жанашырлықтың, мейірімділіктің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
Қайырымдылық – адамгершіліктің айқын көрінісі. Бір ауыз жылы сөз бен кішкентай жақсылықтың өзі үлкен үміт сыйлайды. Осындай игі бастамалар қоғамда мейірімділік пен бірліктің артуына үлес қосады деп сенеміз.
Жақсылық жасап жарысайық!