Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл
Қазақ халқының көрнекті ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай
«Мәуелі сендер бәйшешек, өмірдің жазын тойлаған» атты көркемсөз оқу байқауы ұйымдастырылды.
Байқау барысында қатысушылар ақынның жалынды жырларын нақышына келтіре оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесі қойылып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды.
🏆 Байқау жеңімпаздары:
🥇 І орын – Нұрмат Перизат
🥈 ІІ орын – Хайратбекқызы Ақжібек, Елбайұлы Айарыс
🥉 ІІІ орын – Нұркенұлы Аян, Әділхан Мәді Омар, Мырзахан Мейірлан
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Жыр алыбының мұрасы – мәңгілік, ұрпақ жадында жаңғыра бермек.