📚 2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған екі автордың шығармаларын бүкіл ел болып оқитын боламыз. Олар Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов — бұл есімдер қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында мәңгі қалады.
📚 Кітап – рухани азық, ал бір кітапты бірге оқу – ұлтты біріктіретін үлкен қадам!
Қазақ әдебиетін бірге оқиық, бірге насихаттайық!
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданған болатын. Соның нәтижесінде жазықсыз жала жабылғандар ақталды.
Ақтау шаралары әлі де жалғасып келеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде: «Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз», деген болатын.
Оқырман назарына “Жаралы жылдар жаңғырығы” тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды.