Жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыз болса жеткілікті.
Әкесі немесе анасы баламен бірге келуі және баланың туу туралы куәлігі қажет.
Кітапхана түскі үзіліссіз жұмыс жасайды.
Кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес тамақ пен сусындар (судан басқа) алып кіруге болмайды. Сонымен қатар сөмкелеріңізді кіреберістегі арнайы сөреге қалдыру қажет.
Дүйсенбі – жұма аралығында 09:00-20:00-ге дейін, Сенбі 09:00-18:00-ге дейін. Жексенбі, мереке күндері демалыс. Әр айдың соңғы бейсенбісі санитарлық күн.
Қосшы қаласы мен Тайтөбе тұрғындары ғана абонемент қызметін пайдалана алады. Кітапты үйге алу үшін қолхат толтырылады. 15 күннен кешіктірмей кітапты кітапханаға қайтару қажет.
Кітапхана кітап оқуға арналған орын болғандықтан фото-видео түсірілімге рұқсат жоқ. Бұл оқырмандарға кедергі келтірмес үшін қабылданған тәртіп.
Кітапты жоғалтқан не бүлдірген жағдайда дәл сол кітаптың жаңасын әкеліп өткізу қажет және кітапханашыға хабарлау міндетті.
Кітапхана қызметін 7 жастан асқан балалар пайдалана алады.
Кітапханадағы кітаптар сатылмайды.