«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: «АЛХИМИК» КІТАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: «АЛХИМИК» КІТАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітапханада бразилиялық жазушы Пауло Коэльоның «Алхимик» шығармасы оқырмандармен бірге талқыланды.
Кездесуде басты кейіпкер Сантьягоның арманына жету жолындағы сапары, кездескен қиындықтары мен жасаған таңдаулары сөз болды. Қатысушылар арманға адал болу, жүрек қалауын тыңдау және өз жолын табу туралы пікір алмасты.
Талдау барысында шығарма бойынша сұрақтар қойылып, оқырмандар өз ойларын ортаға салды. Кітаптың ерекше әсер еткен тұстарына тоқталып, кейіпкердің әрекеттеріне баға берді, оқиғаларды өмірмен байланыстыра талдады. Шығармашылық бөлімде қатысушылар кітап мазмұны бойынша сурет салып, шығармадан алған әсерлерін түстер мен бейнелер арқылы жеткізді.Кездесу оқырмандардың кітап туралы еркін әңгімелесіп, бір-бірінің пікірін тыңдауына мүмкіндік берді.