Орталық қосшы кітапханасы ұйымдастырып отырған «Балапан English» курсына тіркелу басталды!
Орталық қосшы кітапханасы ұйымдастырып отырған «Балапан English» курсына тіркелу басталды!
Балаңыздың ағылшын тілін қызығушылықпен әрі тиімді меңгергенін қалайсыз ба? Онда «Балапан English» курсына шақырамыз!
Курс 7–10 жас аралығындағы балаларға арналған. Сабақтар ойындар, қызықты тапсырмалар және шығармашылық жұмыстар арқылы өткізіледі. Мұндай формат балалардың жаңа сөздерді жеңіл меңгеруіне, сөздік қорын молайтуына және ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуына көмектеседі.
Курс барысында балалар:
* Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді;
* Ойындар мен танымдық тапсырмалар орындайды;
* Тыңдау, оқу және сөйлеу дағдыларын дамытады;
* Ағылшын тілінде қарапайым қарым-қатынас жасауға машықтанады;
* Қызықты әрі пайдалы уақыт өткізеді.
Сабақтар балалардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылып, достық атмосферада өтеді.
Тіркелу 3 маусымға дейін жалғасады.
Орын саны шектеулі.