“Мұнда біз ұмытқан өмірдің тамыры бар”
Бұл жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбайдың әдеби байқауымызға арқау болған Ұларбек Нұрғалымұлының “Дайағашшы” кітабы туралы ойы еді.
Қосшы қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушының “Дайағашшы”, “Қараманнан шыққан қайыршы”, “Ауылда “ұстайтын” апа”, “Қар суымен кеткен жылқы” туындыларын оқудан байқау өтті.
Байқаудың ең басты ерекшелігі — оған жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының құрметті қонақ, әрі қазылар алқасы ретінде қатысуы еді.
Байқаудан бөлек, кеште ақынның өлеңдері оқылып, мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты.
Жазушының туған жерінен ұстаздары бейне құттықтау жіберіп, ақ тілектерін білдіруі — әдеби байқаудың ең әсерлі сәті болды.
Ұларбек Нұрғалымұлының шығармаларының көркемдік қуатын сезініп оқыған барлық 30 қатысушыға орталық кітапхананың атынан кітаптар сыйға берілсе, ең жоғарғы нәтиже көрсеткен 3 оқырманға дипломдар мен қаржылай сыйлық табыс етілді!
