

Қосшы қаласының #4жылдығы мерекесі аясында “1461 тәулік біргеміз” TEDxQosshy конференциясы өтті.
Шарада 1461 күнде жеткен жетістіктер мен оқиғалар, маңызды күндер еске алынды.
Конференция спикерлері жазушы, публицист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгел, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Айдын Төребаев, жас кәсіпкео, Family Hall мейрамханасының құрылтайшысы Басболат Мақсатұлы, меценат Шолпан Өтегенова, ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі Бауыржан Ділдәбек, ақын Серікбай Әбілмәжін, тәуелсіз медиатор Ыбырай Қазанғапов, қаланың белсенді тұрғындарының бірі Жанна Бектайқызы қатысып, естеліктерімен бөлісті.
Модераторы-Қосшы қаласы жастар ресурстық орталығының алғашқы директоры болған, талантты жас Бекболат Арыстанбеков.
Төрт жыл – 1461 күн. Бұл – бірге еңсерген белестер мен алда күтіп тұрған үлкен мүмкіндіктер кезеңі.
Спикерлердің болашаққа деген позитивті көзқарасы жастарға шабыт берді.
Қосшы – жарқын болашақтың қаласы!
#TEDxQosshy #1461ТәулікБіргеміз #ҚосшыҚаласы4Жыл