
“Астана балалар көзімен”сурет байқауы
2025 жылғы 4 шілдеде Тайтөбе ауылының көпшілік кітапханасында “Астана балалар көзімен” тақырыбында қалалық сурет байқауы өтті. Мақсаты – балалардың шығармашылығын дамыту, олардың елордаға деген сүйіспеншілігін арттыру және Астананың сұлулығын жас ұрпақтың көзімен көрсету.
Байқауға 7-14 жасқа дейінгі балалар қатысты. Қатысушылар өз қиялындағы Астананы түрлі бояумен қағаз бетіне түсіріп, көркемдік тұрғыдан ерекше туындылар ұсынды. Балалар шығармаларында Бәйтерек, Хан Шатыр, «Астана Опера» театры, Есіл жағалауы сынды қаланың көрікті орындарын бейнеледі. Кейбір суреттерде болашақ Астананың бейнесі де көрініс тапты.
Байқау соңында үздік сурет иелері марапатталып, дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Шығармашылық жұмыстар кітапханада көрмеге қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Бұл байқау балалардың тек сурет салу қабілетін ғана емес, Отанға деген сүйіспеншілігін, туған жерге деген құрметін де айқындады.