БІР КҮНДЕ ТУҒАН ҮШ АЛЫП
Бүгін – қазақ әдебиетінің үш бірдей алыбының туған күні.
Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген ұлы жазушы, ғалым, драматург. Оның «Абай жолы» роман-эпопеясы – халқымыздың рухани шежіресіне айналған мәңгілік мұра.
Шерхан Мұртаза– қазақ журналистикасы мен әдебиетінде өзіндік із қалдырған көрнекті жазушы, публицист. Оның шығармаларынан ел тарихы, адам тағдыры мен ұлт рухы айқын көрініс табады.
✍️ Оралхан Бөкей– қазақ прозасына сыршылдық пен терең философиялық ой әкелген көрнекті қаламгер. Оның шығармаларындағы табиғат пен адам болмысы бір-бірімен үндесіп жатады.
Үшеуінің қаламы – үш түрлі өрнек. Бірақ барлығын біріктіретін бір нәрсе бар: қазақ сөз өнеріне деген адалдық.
Бүгін – олардың шығармаларын еске алып қана қоймай, кітаптарын қайта қолға алатын күн.
Өйткені жақсы шығарма уақыт өткен сайын өз оқырманын қайта табады. 📖
Қаламы өшпеген қаламгерлердің ғұмыры да мәңгі