🌸1 наурыз – Алғыс айту күні
🌸1 наурыз – Алғыс айту күніне орай кітапханамызда әріптестер арасында каллиграфиядан шеберлік сағаты ұйымдастырылды ✨
Іс-шара барысында қатысушылар әсем жазудың қыр-сырымен танысып, әріптерді көркем жазу тәсілдерін меңгерді. Ең бастысы – олар өз қолымен жүрекжарды алғыс сөздерін әсемдеп жазу мүмкіндігіне ие болды.
Алғыс айту күні – ризашылық пен құрметтің, сыйластық пен мейірімнің мерекесі.
Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз! 💐
