Қалалық кітапханада «Заң мен тәртіп: тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жалпы заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, әділет кеңесшісі, PhD докторы Баймаханов Артур Әлішерұлы, аталған академияның магистранттары мен докторанттары да қатысты. Артур Әлішерұлы заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік және құқықтық тәртіптің қоғамдағы орны жөнінде мазмұнды баяндама жасады.
Кездесу барысында құқықты құрметтеу, заң нормаларын мүлтіксіз орындау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға бағытталған ұсыныстарын білдірді.
Аталған іс-шара қатысушылар үшін тәжірибелік және танымдық маңызы жоғары, мазмұнды форматта өтті.