Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз!
Қосшы қаласында Орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлының туғанына 75 жыл толуына арналған «Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Несіпбек Айтұлы – қазақ сөз өнерінің майталманы, қазақтың рухын өлеңмен тірілткен ақын, ұлтқа қызмет еткен ұлы тұлға!
Ақынның рухына тағзым ету, есімін еске алу мақсатында өткен шараға мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Халықаралық инженерлік ғылымдар академиясының академигі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, музыка өнерінің жанашыры, Қазақстан Республикасының бұрынғы мәдениет министрі, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы (2008–2022), Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2003–2007) қызметтерін атқарған Дүйсен Құрабайұлы Қасейінов, жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай, ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбай, жазушы, заңгер, сот саласының ардагері Белгібай Сахариев, Халықаралық Ақпарат академиясының академигі, заңгер-журналист Сәулебек Жәмкенов, жазушы-журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жанболат Әлиханұлы Аупбаев, жазушы, ақын Сұраған Рахметұлы, жазушы Ұларбек Нұрғалымұлы, сондай-ақ ақынның шәкірттері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын Арман Шеризат, ақын Мұқият Қойшыбай, ақын Қайрат Құматайлар қатысты.
Шараның модераторы – Несіпбек Айтұлының шәкірті, ақын Қабиден Қуанышбай болды.