
Тынымбай Нұрмағанбетовтің туғанына 80 жыл.
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Тынымбай Нұрмағанбетовтің туғанына 80 жыл.
Ол – ауыл өмірін, адам тағдырын шынайы суреттеген қаламгер.
Жазушының шығармалары — өткен мен бүгіннің шындығын көркем сөзбен жеткізетін құнды мұра.
Тынымбай Нұрмағанбетов 1945 жылы 10 маусымда Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын (1968), Мәскеудегі М.Горький атындағы жоғары әдебиет курсын бітірген (1981). Қызылорда облысы радио комитетінде, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған.
Танымал шығармалары:
– Қарлығаш ұя салғанда
– Атауы жоқ оқиға
– Кенже бала
– Бөрі найза ұстаған қол.
Сонымен қатар «Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі», «Ескі үймен қоштасу», «Тырналар ұшып барады» телефильмдерінің сценарийін жазды.