
31 мамыр қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай
31 мамыр қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қосшы қаласында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, алаштанушы Қайырбек Кемеңгер “Алаш ренессансы” тақырыбында ашық дәріс оқыды. Алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлының немересі Ризабек Кемеңгер мен шөпшектері “Алаш”, “Алаш аманаты” күйлерін, “Абақтыдан хат” әнін орындады. Қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсет — бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы үлкен парыз.