
ӘКЕ ЖОЛЫ — ІЗГІ ЖОЛ
15 маусым -Әкелер күніне орай әке мен баланың қатысуымен “Әке жолы — ізгі жол” тақырыбында зияткерлік сайыс өтеді.
Сайысқа әке мен 7-12 жас аралығындағы баласы қатысады.
Сайыс кезеңдері:
1. Ата жолын жалғаймын (бала жеті атасын айтуы керек)
2. Өнер алды — қызыл ту (Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар)
3. Әке жолы — ізгі жол (Ұлттық ойындар, төрт түлік мал, киіз үй жабдықтары, ат әбзелдері, т.б.)
4. Шығармашылық кезең (Әке мен баланың бірге сурет салуы)
Өтетін орны: Тайтөбе ауылының мәдениет үйі
Тіркелу үшін: +7 (707) 572-93-73 whatsapp нөміріне өтінім қалдырыңыз.